Магистратураға арналған «Болашақ» бағдарламасы: неден бастау керек және алдын ала нені білген маңызды?
Мазмұны
«Болашақ» бағдарламасы туралы Қазақстанның әрбір тұрғыны дерлік естігенімен, оның ережелерін егжей-тегжейлі білетіндер аз. Осыған байланысты бағдарлама төңірегінде көптеген жаңсақ пікір қалыптасқан. Кейбіреулер алдымен стипендияны жеңіп алып, содан кейін жоғары оқу орнын іздеу керек деп ойлайды. Басқалары таныссыз бағдарламаға қатысу мүмкін емес деп есептейді. Алайда бұл екі пікір де шындыққа жанаспайды.
Бұл қандай бағдарлама?
«Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылы тағайындалған. Ол Қазақстан азаматтарына шетелде бакалавриат, магистратура, резидентура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алуға, сондай-ақ тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Магистратураға үміткерлердің бірнеше санаты бар. Олардың қатарында жоғары оқу орнына өз бетінше түскендер, инженерлік-техникалық және медицина қызметкерлері бар. Әр санатқа қойылатын талаптар әртүрлі.
Алдымен жоғары оқу орны, содан кейін стипендия
Ең алдымен мынаны түсіну маңызды: конкурсқа қатысу үшін шетелдік жоғары оқу орнынан шақырту алу қажет. Шақырту шартсыз қабылдау туралы ұсыныс (Unconditional Offer) түрінде болуы, ал университет ұсынылатын жоғары оқу орындарының бекітілген тізіміне кіруі тиіс. Тек қаржылық талаптарға қатысты ерекшелік қарастырылған: университет оқу ақысының төленетінін растайтын құжатты күтуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай.
Демек, ең күрделі жұмыс жоғары оқу орнына түсу кезеңінде атқарылады. Тізімнен қолайлы білім беру бағдарламасын таңдап, тіл емтиханын тапсырып, құжаттарды жинап, мотивациялық хат жазып, университеттің қабылдау туралы ұсынысын күту қажет. Осыдан кейін ғана стипендия алуға құжат тапсыруға болады.
Тағы нені ескеру қажет?
- Бағдарлама ережелері мезгіл-мезгіл жаңартылып отырады. 2026 жылы да оларға өзгерістер енгізілді. Құжат тапсырар алдында gov.kz порталынан және Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтынан талаптардың қолданыстағы нұсқасын тексеріңіз.
- Магистратураға өз бетінше түскен үміткерлерден енді қазақ тілін кемінде B1 деңгейінде меңгергенін растайтын сертификат талап етіледі.
- Стипендия әрбір академиялық дәреже бойынша бір рет қана беріледі, сондықтан білім беру бағдарламасын таңдауға ерекше жауапкершілікпен қараған жөн.
- Оқуды аяқтағаннан кейін түлек Қазақстанға оралып, еңбек өтеу міндеттемесін орындауы тиіс. Оның мерзімі мен шарттары келісімшартта көрсетіледі, сондықтан құжатпен алдын ала танысқан дұрыс.
Дайындықты қалай жоспарлау керек?
Барлық дайындық кезеңіне бір жылдан бір жарым жылға дейін уақыт бөлген орынды. Алғашқы айлар білім беру бағдарламаларын таңдауға және IELTS немесе TOEFL емтиханына дайындалуға жұмсалады. Одан кейін жоғары оқу орындарына өтініш беріп, олардың жауабын күту кезеңі басталады. Егер қазақ тілін меңгерудің қажетті деңгейі әлі расталмаған болса, онымен де қатар айналысқан жөн.
Mentor Me дайындықтың ең көп еңбекті қажет ететін кезеңінде – шетелдік жоғары оқу орнына түсу барысында көмектеседі. Менторлар тізімдегі білім беру бағдарламаларының қайсысы сіздің біліміңіз бен кәсіби тәжірибеңізге сәйкес келетінін анықтауға және құжаттарды дайындауға жәрдемдеседі. Ал компанияның тіл мектебінде емтиханға дайындалуға болады. Толығырақ ақпаратты https://mentorme.kz/kk сайтынан біле аласыз.